Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Бүгін, 15:45
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: akorda.kz

Ақордада Қазақстан Президентіне екі мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сенім грамоталарын Грек Республикасының елшісі Антониа Кацуру мен Португалия Республикасының елшісі Жозе де Каштру Атаиде Амарал тапсырды.

Мемлекет басшысы Қазақстан бейбіт сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті.

Президенттің айтуынша, қазір әлемде орын алған барлық проблема тек бейбіт жолмен, яғни дипломатиялық арналар мен құралдар арқылы шешілуге тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия және Португалия елдерінің басшылары мен премьер-министрлеріне ыстық ықыласын жолдап, оларды Астанаға сапармен келуге шақырды.

Іс-шара соңында Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігі оларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Иран Президентін Ислам Революциясы күнімен құттықтаған болатын.