Референдум-2026

TikTok-та балағат сөз айтқан Ақтөбе тұрғыны 5 тәулікке қамалды

TikTok-та балағат сөз айтқан Ақтөбе тұрғыны 5 тәулікке қамалды
Фото: pexels.com

Ақтөбе облысы Полиция департаменті қызметкерлері интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында TikTok әлеуметтік желісіндегі құқыққа қайшы тікелей эфирді анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Эфир барысында әйел адам балағат сөздер айтып, қорлайтын ишаралар көрсеткен. Құқық бұзушының Ақтөбе қаласының 26 жастағы тұрғыны Береке Нагиева екені анықталды.

Сот шешімімен әйел 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция әлеуметтік желілердің қоғамдық кеңістікке жататынын еске салады. Жарияланған контент пайдаланушыларды құқыққа қайшы әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершіліктен босатпайды.

«Балағат сөздер, қорлау және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады», - деп ескертті полицияда.

Еске салсақ, Жамбыл облысында TikTok-та балағат сөз айтқан әйел психикалық орталыққа жатқызылды.