Теңге конституциялық тұрғыда ұлттық валюта ретінде бекітіледі

Теңге конституциялық тұрғыда ұлттық валюта ретінде бекітіледі
Фото: Конституциялық сот

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жекелеген ереженің редакцияларын қайта форматтау және нақтылау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Конституциялық сотқа сілтеме жасап.

«Өткен отырыста әріптестеріміз бірнеше ұсыныс берді. Олар өте маңызды және көптеген елде конституциялық құқықтық реттеудің нысанасына жатады. Осыған байланысты жобада аталған жаңалықтарды бекітетін нормалар қосымша қарастырылып отыр. Мысалы, теңгені ұлттық валюта ретінде конституциялық тұрғыда бекіту туралы ұсынысты іске асыру мақсатында 2-бап 6-тармақпен толықтырылды. Аталған тармаққа сәйкес, «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы, ақша бірлігі — теңге. Теңгені эмиссиялаудың айырықша құқығы Қазақстан Республикасына тиесілі», - деді Бақыт Нұрмұханов.

Еске салсақ, Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Анас Баққожаев желідегі парақшасында Конституция жобасына қатысты бір ойын көпшілікке ұсынды.