20.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Таза Қазақстан»: астаналық ардагерлер студенттерге табиғатты қорғау тақырыбында дәріс оқыды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Таза Қазақстан»: астаналық ардагерлер студенттерге табиғатты қорғау тақырыбында дәріс оқыды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы әкімдігінің Кәсіптік-техникалық колледжінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтайық: экологиялық жауапкершіліктің маңызы» тақырыбында дәріс өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін, жауапкершілігін және азаматтық ұстанымын қалыптастыруды мақсат тұтқан іс-шара «Нұра» ауданы әкімдігімен және ауданның ардагерлер кеңесімен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылды.

Аталған кездесуде «Нұра» ауданының ардагерлері Марал Үсенова, Үміт Сүлейменова, Асылхан Хасенова, Гүлжанат Шекербаевалар сөз сөйлеп, студенттерге қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, туған жердің, өмір сүріп жатқан қаланың тазалығын сақтаудың маңыздылығы жөнінде әңгімелеп берді.

«Білім алушыларды экологиялық жауапкершілік бағытында тәрбиелеу мақсатында колледжде кешенді шаралар атқарылады. Ол жұмыс қалалық және аудандық экологиялық сенбіліктерге қатысумен шектелмейді. Одан бөлек тақырыптық семинарлар, дәрістер, қоғамдық өкілдермен және ардагерлермен кездесулер тұрақты түрде өткізіледі. Қалдықтарды бөлек жинау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізіледі.

Практикалық дағдыларды дамытуға ерекше мән беріледі. Студенттер көгалдандыру, аумақты абаттандыру, экологиялық бұйымдар дайындау, волонтерлік жұмыстар сияқты нақты жобаларға белсенді қатысады. Мұндай көпқырлы жұмыс экологиялық тұрғыдан сауатты, әлеуметтік жауапты, туған қаласының тазалығына нақты үлес қоса алатын жас буынды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осы жүйелі жұмыстың логикалық жалғасы ретінде бүгін колледжде Белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен бірлесіп «Болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтайық: экологиялық жауапкершіліктің маңызы» тақырыбында дәріс өткізілді. Бұл шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып, колледждің экологиялық тәрбие беру бағытындағы мақсатты әрі нәтижелі қызметінің айқын дәлелі болды. Дәріс студенттерді, оқытушыларды және аға буын өкілдерін бір арнаға тоғыстырып, табиғатты қорғау ісіндегі ұрпақтар сабақтастығының маңызын айқындады», - деді колледждің ардагері, әлеуметтік педагог Жеңіс Ұлтарақов.

Айта кетейік, экология тақырыбындағы дәрісті 70-тен астам студент тыңдады. Олар тек тыңдаушы ретінде ғана қатыспай, өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікір алмасып, іс-шараға белсенді атсалысты.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗