Таразда онкологиямен ауыратын 50-ге жуық науқасқа мүгедектік статусы берілмегені анықталды
Тараз қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Талдаумен 2020 жылдан 2025 жылдың шілдесіне дейін Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығында III және IV сатыдағы ауру бойынша есепте тұрған 49 қала тұрғынының құқықтары бұзылғаны анықталды.
Атап айтқанда, онкологиямен ауыратын науқастар мүгедектік тобын анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілмеген, бұл олардың мүгедектік ресімдеу және тиісті мемлекеттік әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар алу мүмкіндігінен айырған.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 49 адам медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберіліп, нәтижесінде қазан айынан бастап оларға I-ден III топқа дейін мүгедектік тағайындалып, кейіннен мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік берілді.
Жол берілген заңбұзушылықтар үшін 5 дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасы түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, бұған дейін мүгедектікті анықтау үшін жасанды интеллект қолданылуы мүмкін екендігін жазған болатынбыз.