Тамыз айының соңғы күндері ауа райы қандай болады
27 тамыз, 2025
фото: Оңалхан Өнерхан
«Қазгидромет» РМК тамыз айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«29 тамызда солтүстік-батыс циклонының ойпатының өтуіне байланысты елдің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында ауа райының тұрақсыз сипаты болжанып отыр. 30 тамызда тұрақсыз ауа райы Қазақстанның оңтүстік-шығысын да қамтиды. Жаңбыр, найзағай күтіледі, 30 тамызда елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұршақ пен екпінді желмен бірге қатты жаңбыр болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, батыста, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман күтіледі»,- делінген хабарламада.
Батыста ауа температурасы +20…+31°С шегінде, оңтүстік-батыста +27…+35°С болады.
Ауаның төмендеуі күтіледі:
- Қазақстанның солтүстік-батысында +23…+33°С-тан +15…+23°С-қа дейін,
- солтүстік облыстарда қатты ыстық +30…+35°С-тан +15…+23°С-қа дейін,
- елдің орталығында қатты ыстық +30…+37°С-тан +18…+27°С-қа дейін,
- Шығыс Қазақстанда +22…+32°С-тан +17…+28°С-қа дейін,
- оңтүстік облыстарда қатты ыстық +30…+41°С-тан +26…+35°С-қа дейін төмендейді.
- Оңтүстік-шығыста +33…+38°С қатты ыстық сақталады, таулы аймақтарда +23…+28°С болады.
Ұқсас жаңалықтар
19 сәуір, 2026
Қазақстан шетелдік мамандар мен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады
19 сәуір, 2026
Есіл өзеніндегі жүзу құралдарының дайындығы тексерілді
18 сәуір, 2026
Қазақстанда киберқылмыстар саны айтарлықтай азайды
18 сәуір, 2026
Жаңа Конституция Брайль қарпінде және аудионұсқада ұсынылды