Шымкентте шаруашылықтың жұмысшылары малды өздері ұрлаған
26 қаңтар, 2026
Фото: polisia.kz
Жұмысшылар малды ұрлау үшін бірнеше рет әдейі шаруашылықтағы электр қуатын және бейнебақылау камерасын өшірген, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері ұрланған ірі қара және ұсақ малды иесіне қайтарды. Келтірілген шығын көлемі 25 млн теңге деп белгіленді.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, ұрлыққа қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында «Ақтөбе – Орынбор» автожолының бойында үш көлік соғылған жол апатынан 4 адам қаза тауып, жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
1 тамыз, 2026
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
30 шілде, 2026
Астанадағы жол апатынан көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді - ВИДЕО
29 шілде, 2026
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді