Шымкентте қызды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді ІІМ бақылауға алды

Бүгін, 15:19
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Шымкентте қызды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді  ІІМ бақылауға алды
фото: Оңалхан Өнерхан

Шымкент қаласы полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікірлер мен уәждер бойынша қызметтік тексеру тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.

Қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша күдіктінің барлық әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Тергеу-жедел іс-шаралар кешені жалғасуда, оның барысында барлық түскен мәліметтер, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талдануда», - делінген хабарламада. 

Ішкі істер министрлігі кез келген қатыгездік көріністеріне тосқауыл қойып, кінәлі адам тиісті жазасын алуы үшін заңда көзделген барлық шараларды қабылдайды.