19.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Шымкент қаласында алкоголь өнімін заңсыз өндіру фактісінің жолы кесілді

|
Photo: Мемлекеттік кірістер комитеті
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Шымкент қаласында алкоголь өнімін заңсыз өндіру фактісінің жолы кесілді

|
Photo: Мемлекеттік кірістер комитеті

2025 жылғы 10 қарашада Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Шымкент қалалық Полиция департаментінің Абай аудандық полиция басқармасымен бірлесіп, алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру фактілерін анықтау мақсатында бірлескен іс-шаралар жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шара барысында жалған есепке алу-бақылау маркаларын қолдана отырып алкоголь өнімін өндіретін жасырын цех анықталды.

«Тексеру нәтижесінде «Родная степь» маркалы 2 623 бөтелке 

(0,5 л) алкоголь өнімдері, жалпы көлемі 3 500 литр 5 еврокуб (көлемі 1 тоннадан) этил спирті белгілері бар сұйықтық, өнім құюға арналған 2 аппарат, 10 000 дана бос бөтелке тәркіленді», - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары процессуалдық шешімдер қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗