ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген

Бүгін, 16:29
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген
фото: Оңалхан Өнерхан

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстаумен айналысқан «ҚАЖсервис» ЖШС филиалындағы жұмысқа жалған орналастыру туралы қылмыстық істі қарау аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Сот кәсіпорынның бұрынғы директоры іс жүзінде жұмысқа шықпаған адамдарды ресімдеп, оларға жалақы төлеп келгенін анықтады. Уақытты есепке алу табельдері мен қаржылық құжаттар лауазымды тұлғалар мен олардың туыстарының өтініші бойынша бекітіліп отырған.

Бірінші сатыдағы сот сотталушыға қатысты амнистияны негізсіз қолданған болатын, алайда көлік прокуратурасының өтінішхаты бойынша апелляциялық инстанция бұл шешімнің күшін жойды.

«Кінәлі тұлға сотталды, мемлекетке келтірілген шығын толық көлемде өндірілді», - делінген хабарламада. 

Үкім заңды күшіне енді. 

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда пара беруге арандатқан адвокат сотталғаны туралы жаздық.