Референдум-2026

Шолпан Каринова: Отанымыздың жүрегі – Астана

Шолпан Каринова: Отанымыздың жүрегі – Астана
Фото: Шолпан Каринованың әлеуметтік желі парақшасынан

Астана күніне орай білім саласының маманы Шолпан Каринова қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, елорданың тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі мен жасампаз дамуының символына айналғанын атап өтті. Сондай-ақ ол ел бірлігі мен тұрақтылығының маңызын айтып, өскелең ұрпақтың білімді, парасатты болып өсуіне тілектестігін жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Шолпан Каринованың әлеуметтік желі парақшасына сілтеме жасап.

Астана күні!

Отанымыздың жүрегі - әсем қала Астана әрдайым өсіп-өркендеп, көркейе берсін! Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық болсын, әр шаңырақ бақ-береке, зор денсаулық, молшылық пен қуанышқа толы болсын! Балаларымыз білімді, парасатты болсын!

Күні кеше  күшіне енген жаңа Конституция - еліміздің болашағына бағытталған маңызды реформалардың берік құқықтық негізі болды. Бас қаланың ерекше мәртебесі заңмен бекітілді. 

Осылайша, Ата Заңымызда айқындалған асыл құндылықтарды берік ұстанып, Астанамыздың мәртебесін биіктете отырып, еліміздің өркендеуі мен бірлігін бірге нығайта берейік!

Тәуелсіз Қазақстанымыздың мерейі үстем болып, Астанамыздың абыройы асқақтай берсін! Астана күні құтты болсын!