«Соңғы парызым еді»: Адвокат Мейірман Шекеев Шерзаттың зиратына барып қайтты
8 маусым, 2025
Мейірман Шекеевтің инстаграм парақшасынан
Танымал заңгер Мейірман Шекеев марқұм Шерзат Полаттың зиратына барып, құран бағыштап қайтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Видеодан Шерзаттың әкесі Қаржаубай, марқұмның анасы мен апасы көруге болады.
Соңғы парызым Шерзаттың басына барып, құран оқыту еді, - деді заңгер.
Заңгер Шерзаттың әкесін бастапқыда жанары сөнген, көзінде тек мұң еді, өмірге деген құлшынысы жоқ, үміті сөнген жан екенін айтты.
Бар айтқаны "аға Шерзаттың ісі сізге аманат" - деп, ауыр жүкті маған мойныма жүктей салып еді. Әуелі Алла, сосын елдің қолдауымен аманатын орындап, үмітін ақтап шықтық деп ойлаймын. Қаржаубайдың күлгенін көру - соның белгісі шығар. Аллаға сансыз шүкір еттім, — деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
14 тамыз, 2026
Еңбекмин азаматтар үшін Кореяда заңды жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктерін ашты
13 тамыз, 2026
Қазақстанда жұмыс істейтіндердің 77%-дан астамы жалдамалы қызметкер
12 тамыз, 2026
Астанада NEET жастар қысқа мерзімде жаңа мамандық меңгеріп жатыр
11 тамыз, 2026
Екі жылда 1,5 млн-дай жас азамат жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарасымен қамтылды