17.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Шизофрения» диагнозы қойылған азамат қамқоршы болған

|
Photo: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Шизофрения» диагнозы қойылған азамат қамқоршы болған

|
Photo: freepik.com

Ақмола облысы прокуратурасының талдау нәтижесі бойынша уәкілетті органдардың тарапынан адам өлтіру және өзге де қылмыстар үшін сотталған тұлғаларды қамқоршы ретінде тағайындау деректері анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қамқоршылар мен қорғаншылар болып психикалық аурулары бар немесе сотталған адамдар тағайындалмауға тиіс.

Мәселен, екі бірдей әрекетке қабілетсіз тұлғаға бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған тұлға қамқоршы болған.

Бұдан басқа, әрекетке қабілетсіз азаматқа қамқоршы ретінде «шизофрения» диагнозы қойылған азамат тағайындалған.

Сондай-ақ, уәкілетті органдармен әрекетке қабілетсіз азаматтарды есептен шығару жөнінде шаралар қабылданбаған.

Нәтижесінде, облыстың 28 қайтыс болған тұлғасы әлі де «әрекетке қабілетсіз» санатындағы есепте тұрған тұлғалар қатарында көрсетілген.

«Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде бұрын сотталған қамқоршылар және психикалық ауытқуы бар тұлғалар өз міндеттерінен шеттетілді, деректер заңнамаға сәйкестендірілді, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада. 

Облыс прокуратурасы осал топтағы азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗