Сербия Президенті Алматының әйгілі апортын сыйға алды
19 қараша, 2024
Фото: Александр Вучич Facebook парақшасынан
Александр Вучич Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бүгін Қазақстан Президентін қабылдау құрметіне ие болдым. Сербия – достарына есігі әрдайым ашық ел, бүгінгі кеш соның айқын дәлелі. Біздің қонақжайлық дәстүрімізді үстел басында анық байқауға болады. Онда біз тамақты ғана емес, бізді біріктіретін құндылықтарды бөлісеміз. Бүгін сыйлыққа қазақтың әйгілі алмасын алдым, - деп жазды Сербия Президенті.
Сондай-ақ Александр Вучич Президент Қ.Тоқаевтың сапары Сербия мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі бекіте түсетініне сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 13:43
Қазақстан Қарулы күштерінде дзюдо жүйесі енгізіледі
10 мамыр, 2026
Табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргендер қатаң жазаланады - ІІМ ескерту жасады
8 мамыр, 2026
ЕҚЫҰ өкілі Қазақстан сот жүйесіндегі цифрландыру жетістіктерін жоғары бағалады
6 мамыр, 2026
БҰҰ өкілдеріне еліміздің жаңа Конституциясы таныстырылды