Шегірткеге қарсы күреске 100-ден астам агродрон жұмылдырылады
Шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес маусымына дайындық барысында пилотсыз ұшу аппараттары паркін әзірлеу толық аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz АШМ-ға сілтеме жасап.
Биыл ауыл шаруашылығы алқаптарын нүктелік әдіспен химиялық өңдеу үшін 46 агродронды пайдалану жоспарланған.
«Үйірлі шегіртке дала, шөл және таулы аймақтарда, сондай-ақ өзен аңғарларында таралады. Мұндай жерлерде техниканы қолдану қиын. Сондықтан ұшу аппараттарын пайдалану зиянкестер ошақтарын жедел анықтауға мүмкіндік береді, мониторинг жүргізу үдерісін едәуір жеделдетеді және зерттелетін аумақтың қамту аясын кеңейтеді», делінген министрлік хабарламасында.
Маусымға дайындық барысында мамандар жабдықтардың техникалық жай-күйіне кешенді тексерді. Ұшу қауіпсіздігіне, бүрку жүйесінің тиімділігіне және басқару жүйесінің тұрақтылығына ерекше назар аударылды.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы алқаптарына мониторинг жүргізетін Фитосанитариялық қауіпсіздік және болжамдар әдістемелік орталығының техникалық паркі айтарлықтай кеңейді. Мәселен, былтыр орталық 7 дронды пайдаланса, 2025 жылдың желтоқсанында қосымша 50 құрылғы сатып алынды.
Еске салсақ, Астанада маса мен шіркейге қарсы күрес алты кезең бойынша жүргізіледі.