Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйеліне қатысты сот үкімі шықты

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйеліне қатысты сот үкімі шықты
Фото: freepik.com

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Г.Рахмоноваға қатысты абайсызда 2 адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы туралы істі қарады , деп хабарлайды Elordainfo.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жол апаты былтыр шілде айында Мойынқұм ауданындағы «Алматы-Екатеринбург» тас жолында болған. Г.Рахмонова Toyota Land Cruiser көлігін басқарған. Шаршаған ол жол ережесін бұзып, көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, содан кейін оның көлігі аударылған. Салдарынан, 2 жолаушы яғни сотталушының досы мен әпкесі қаза тапты. 

Сотта жәбірленуші тараптар сотталушыны кешірген, қайтыс болған досының әкесі бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды, ал сотталушының әпкесінің жұбайы соттан жаза тағайындамауды сұраған.

«Сот үкімімен Р. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды.  Үкім заңды күшіне енген жоқ», делінген хабарламада.

Еске салсақ, Астанада белдік тақпаған және телефон қолданған жүргізушілер ұсталды.