Референдум-2026

ҚТЖ өз қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтардан сақ болуға шақырды

Бүгін, 17:03
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
ҚТЖ өз қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтардан сақ болуға шақырды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Соңғы кезде өзін ҚТЖ қызметкері ретінде таныстырып, мессенджерлерге SMS және хабарламалар жіберіп, алаяқтық әрекетін жүзеге асыратын қаскүнемдер көбейіп кетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Олар жиналыстарға шақырады немесе алаяқтық схемаларда қолдану үшін «иә» деп жауап беруіңізді сұрайды. Сондықтан мұндай хабарламаларға сенбеңіз», - дейді ҚТЖ өкілдері. 

Мына кеңестерді назарға алу ұсынылды:

- Ақпаратты тек ресми ақпарат көздері арқылы тексеріңіз.

- Күмәнді ақпаратты тексеру үшін мыналарды пайдаланыңыз: NoFake.kz -фактілерді тексеру жөніндегі қазақстандық портал. Ресми Telegram арнасына мына жерден жазыла аласыз: https://t.me/nofakeofficialkz

- Билеттер және пойыздар кестесімен, сондай-ақ ҚТЖ қызметтерімен байланысты мәселелер бойынша 1433 нөмірі арқылы тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай анықтамалық қызметіне хабарласыңыз.

- Ақпаратты тексеріңіз, жеке деректеріңізді бермеңіз және күдікті сілтемелерге өтпеңіз.