Қостанайда полицейді жабылып соққыға жыққандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қостанайда полицейді жабылып соққыға жыққандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Қостанай облысы ПД видеосының скрині

Қостанай қаласында мас күйдегі  бір топ адам полиция қызметкеріне агрессивті түрде шабуыл жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қостанай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Полиция қызметкері қызметтен тыс уақытта, кәмелетке толмаған балаларын ертіп жүрген кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған құқық бұзушыларға ескерту жасаған. Бұған жауап ретінде олар ашық агрессия танытып, оған қарсы  күш қолданған», делінген хабарламада.

Қазір шабуыл жасаған барлық тұлға анықталып, оқиға орнында ұсталды. Билік өкіліне шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Мұндай әрекеттер қатаң әрі ешқандай ымырасыз тоқтатылады. Әр кінәлі тұлға толық көлемде жауапкершілікке тартылады», делінген хабарламада.

Департамент тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, Батыс Қазақстан облысында екі автобус бір біріне соғылып, үш адам ауруханаға жатқызылды.