Қазақстандық теннисші Australian Open-2026 турнирінің финалына шықты

Бүгін, 12:58
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық теннисші Australian Open-2026 турнирінің финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Анна Данилина Сербия өкілі Александра Круничпен бірге жұптық сында өнер көрсетуде.

Жартылай финалда Данилина мен Крунич канадалық Габриэла Дабровски және бразилиялық Луиза Стефаниден 2:1 (7:6 (7:2), 3:6, 6:4) есебімен жеңді.

Айта кетейік, Астанада шахматтан Senat Open турнирінің іріктеу сайыстары өтеді.