Астанада шахматтан Senat Open турнирінің іріктеу сайыстары өтеді

Бүгін, 10:03
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада шахматтан Senat Open турнирінің іріктеу сайыстары өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада Дене шынықтыру және спорт басқармасының және «Қазақстан шахмат федерациясы» РҚБ-ның Астана қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Senat Open 2026 іріктеу турнирлерінің сериясы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнирге шахмат жаттықтырушысы болып жұмыс істемейтін, 1 қаңтардағы Эло рейтингі 2000-нан төмен әуесқой шахматшылар қатыса алады.

Бұл – KazChess / Қазақстан шахмат федерациясының Парламент Сенатының қолдауымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып отырған ауқымды республикалық жобасы. Турнир идеясы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен жүзеге асып, KazChess федерациясының президенті Тимур Турловтың қолдауына ие болды.

Senat Open 2026 турнирі жалпы 4 кезеңнен тұрады. Астана қаласында түрлі кәсіби салалар өкілдері арасында 7 іріктеу кезеңі өткізіледі:

• 7 ақпан, сағат 10:00 – мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компания қызметкерлері арасында;

• 8 ақпан, сағат 10:00 – ардагерлер арасында;

• 14 ақпан, сағат 10:00 – ғылым және білім беру саласы қызметкерлері арасында;

• 15 ақпан, сағат 10:00 – мәдениет және өнер саласы қызметкерлері арасында;

• 21 ақпан, сағат 10:00 – денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында;

• 22 ақпан, сағат 10:00 – бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері (БАҚ) арасында

• 28 ақпан, сағат 10:00 – күштік және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында.

Айта кетейік, финалдық кезең Астанада 29 тамызында өтеді.

Барлық турнир, оның ішінде финал, швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады.

Ойын уақытының бақылауы: 10+5 (әр партияға 10 минут және әр жүріске 5 секунд қосылады, бірінші жүрістен бастап).

Қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркеліп, қосымша мәліметтер алуға болады.

Бұған дейін қазақстандық балуандар Хорватиядағы рейтингтік турнирде бақ сынайтынын жаздық.