Қазақстандағы адал бизнес тосыннан салықтық тексеруден босатылады – Бектенов

Қазақстандағы адал бизнес тосыннан салықтық тексеруден босатылады – Бектенов
Фото: Үкімет

ШОБ субъектілерін тексерулер тек тәуекелдер бойынша ғана жүргізіледі. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында кәсіпкерлер салық органдарының тосыннан келуін күтпей алаңсыз жұмыс істеуге мүмкіндік алатынын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тексерулер тек тәуекелдер бойынша ғана жүргізілетін болады. Біз жоспарлы салық тексерулерінен толық бас тарттық. Микро және шағын бизнес үшін маңызды мәселе – 2026 жылға дейінгі кезеңдер бойынша салық тексерулері мен камералдық бақылау алынып тасталады.

Адал бизнес салық органдарының тосыннан келуін күтпей, алаңсыз жұмыс істеуге мүмкіндік алады», - деді Олжас Бектенов.

Бұқан дейін кәсіпкерлерге өндіріске арналған тауарлардың импортына ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілетінін жаздық.