Елімізде 90 елдімекен қала мәртебесіне ие, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Оның ішінде облыстық маңызы бар 39 қала, аудандық деңгейде 48 қала тіркелген. Қалған 3 қала республикалық маңызы бар.
Ең көп қаласы бар өңір - Ақмола облысы. Онда 11 қала бар. Сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарында 8 қаладан бар.
1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің әкімшілік-аумақтық құрылымында 195 аудан, 29 кент, 2 157 ауылдық округ және 6 096 ауыл тіркелген.
Аудандар саны ең көп өңір - Ақмола облысы. Онда 17 аудан бар.
Қарағанды облысы кенттердің көбімен алдыңғы орында, 8 кент бар екен.
Ауылдардың саны жағынан Түркістан облысы бірінші орында, өңірде 794 ауыл бар.
Еске салсақ, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов «Референдум-2026» атты онлайн-марафонда жаңа Конституция айрықша құқықтық режим беретін «Қарқынды дамитын қаланың» мәртебесі туралы айтып өтті.