Қазақстанда алдағы күндері -38 градус аяз болады

Бүгін, 13:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанда алдағы күндері -38 градус аяз болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазгидромет» РМК алдағы күндері ауа температурасы -38 градус аязға дейін төмендейтінін ескертті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Күнтізбелік қыстың басталуымен Қазақстан тұрғындарын ауа райы жылы болып қуантты.

Алдағы күндері Солтүстік мұзды мұхит аймағынан Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді. Ол республика аумағы арқылы жылдам қозғалып, алдымен солтүстік өңірлерде, кейін еліміздің басқа аймақтарында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі», - делінген хабарламада.

14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 30-38 градус аязға дейін төмендейді. Қатты аязға қарамастан, антициклонның жылдам жылжуы желдің күшеюіне себеп болады: елдің солтүстік жартысында кейбір аудандарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада қар жауып, бұрқасын соғатынын жазған болатынбыз.