Қазақстан шекарасында жүктердің өтуі 30%-ға жеделдеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда жүк ағындарын есепке алу және рәсімдерді автоматтандыруға арналған Smart Cargo цифрлық платформасы енгізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы жылдың тамыз айында верификацияланған өткізу жүйесі іске қосылғаннан кейін бақылау-өткізу пункттерінде жүктерді рәсімдеу жылдамдығы 30% артты, ал кезекте күту уақыты 10 есеге қысқарды.
«Платформа тауарлардың ел аумағы арқылы қозғалысын жеделдетеді және негізгі сауда серіктестері – Қытай, Ресей және Орталық Азия елдерімен логистикалық тізбектерді оңтайландырады. Жүйе экспорттық, импорттық және транзиттік жүк ағындарының құрылымының толық ашықтығын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, жөнелтушілер мен алушылар үшін жүктердің қозғалысын бүкіл кезең бойынша бақылауға мүмкіндік береді», - деді Kazdream IT Holding ЖШС директоры Думан Сембаев.
Еске сала кетейік, елдегі жолдардың жағдайын ЖИ болжап отыратын болады.