«Қазақ энциклопедиясының» 1,3 млрд теңгелік активі мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 10:38
Думан Аманжол Думан Аманжол
«Қазақ энциклопедиясының» 1,3 млрд теңгелік активі мемлекетке қайтарылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-ның 100 пайыздық үлесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2015 жылы серіктестіктің жылжымайтын мүлік түріндегі активтері заңсыз түрде жеке заңды тұлғаның иелігіне өтіп, жекешелендірілген. Аталған мүлікке Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан жалпы ауданы 2 108,3 шаршы метр болатын ғимарат кіреді.

Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру туралы шартты және одан кейін жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану жөнінде сотқа талап-арыз берген.

Нәтижесінде кассациялық сот прокуратураның талабын толық қанағаттандырып, құны 1,3 млрд теңгеге бағаланған активті мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.

Прокуратураның мәліметінше, актив бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның иелігінде болған.

Еске салсақ, 2024 жылы күзде Арыстанбек Мұхамедиұлының үлестес жеке компаниясынан құны 1,2 млрд млрд теңге Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекетке қайтарылды.