Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкектегі «Ырыс Ордо» конгресс-холына барды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров күтіп алды.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары бірге суретке түсті.

Еске сала кетейік, Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты.