Президент ауыл – ұлтымыздың өзегі екенін айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Біз бүгін ауылға қатысты көптеген маңызды мәселені көтеріп, нақты міндеттерді айқындадық. Алдымызда тұрған міндеттің бәрін сапалы әрі жүйелі орындасақ, мақсатымызға жетеміз. Ауыл өмір сүруге қолайлы, еңбек етуге жайлы болуға тиіс.
Ауыл әкімі осы өте маңызды жұмыстың басы-қасында жүреді. Бүгін әкім Жанар Нұрмұратқызы «Таза Қазақстан» қозғалысы жөнінде өте өзекті мәселе көтерді. Оған алғыс айтамын. Мемлекеттік саясатты халыққа жеткізетін де, елдегі өзгерістердің, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың мән-маңызын жан-жақты түсіндіретін де – әкімдер. Мен Сіздерге зор үміт артамын.
Әкімнің ең басты міндеті – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру. Ауылдағы ағайынның әл-ауқаты жақсарса, ауылдарымыз да көркейеді деген сөз. Сіздер ауылды өркендету үшін табанды еңбек етесіздер деп сенемін. Ауыл халқы елімізді дамытуға зор үлес қосуда. Мен осы сәтті пайдаланып, барлық ауыл тұрғындарына зор алғыс айтамын.
Мемлекет әрдайым ауылды қолдайды. Себебі ауыл – ұлтымыздың өзегі. Ауылды жаңа көзқараспен, озық оймен, жаңартылған тәсілдермен бірге дамытуымыз керек».
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет әрдайым ауылды қолдайды»
28 қараша, 2025
Фото: akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
29 қазан, 2026
Тоқаев ТМҰ-ға мүше елдер басшыларымен бірге Түркі әлемі аллеясын ашты
29 қазан, 2026
Президент ТМҰ саммитінің ашылу рәсіміне қатысу үшін «Кулие» сарайына келді
28 қазан, 2026
Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыруды тапсырды
28 қазан, 2026
Мұндай күрделі ахуал «қырғи-қабақ соғыс» кезінде де болмаған – Президент