Қасым-Жомарт Тоқаев әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін, 09:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қасым-Жомарт Тоқаев әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиев пен әзербайжан халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Әзербайжан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттілікті нығайту мен әлеуметтік-экономикалық дамуда зор табысқа жетіп, халықаралық аренада беделін күшейте түсті. Сіздің мықты әрі парасатты басшылығыңызбен бауырлас әзербайжан халқы экономиканың орнықты өсімін одан әрі қамтамасыз ете беретініне сенімдімін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Әзербайжан халқына құт-береке тіледі.

Еске сала кетейік, Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.