Қаржы нарығын реттеу агенттігі кадр резервіне кандидаттар іріктейді

Қаржы нарығын реттеу агенттігі кадр резервіне кандидаттар іріктейді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қаржы саласында білімі мен халықаралық сертификаттары бар мамандарға жаңа мансап мүмкіндігі ұсынылды. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметшілерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеп, кадр резервін қалыптастырады, деп хабарлайды Elordainfo.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, іріктеуге шетелдік жоғары оқу орындарын, ҚР Ұлттық Банкінің магистратурасын және Назарбаев Университетінің магистратурасын тәмамдаған түлектер қатыса алады.

Сондай-ақ жұмыс тәжірибесі бар, халықаралық қаржылық сертификаттарға ие білікті мамандар шақырылады. Атап айтқанда, FRM немесе CFA сертификатының кемінде бірінші деңгейі және ACCA сертификатының төртінші деңгейі болуы талап етіледі.

Кандидаттардың шет тілін меңгеру деңгейіне де мән беріледі. Үміткерлерден IELTS бойынша кемінде 6.0, TOEFL iBT бойынша 80, TCF бойынша 400 (В2), CILS 1 немесе HSK бойынша 6-деңгей сертификаты талап етіледі.

Кандидаттарды іріктеудегі негізгі өлшемшарттар – тиісті білім, жоғары кәсіби біліктілік, халықаралық қаржылық және тілдік сертификаттардың болуы.

Агенттік жаңа қызметкерлерге кәсіби дамуға және мәнсаптық өсуге мүмкіндік беретін орта қалыптастырылғанын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Қаржы нарығын реттеу агенттігі атынан жалған құжаттар тарағанын жазғанбыз.