Референдум-2026

Қаржы нарығын реттеу агенттігі атынан жалған құжаттар тарады

Қаржы нарығын реттеу агенттігі атынан жалған құжаттар тарады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ведомство жалған құжаттар тарап жатқанын ескертті, деп хабарлайды Elordainfo.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, агенттіктің азаматтарға ақшалай қаражатты қайтару рәсімі, криптовалюта биржаларында, криптоәмияндарда және банк карталары бойынша транзакцияларды тексеру, сондай-ақ ақшалай қаражатты қайтару бойынша заңды және (немесе) өзге де қызметтер көрсететін тұлғаның сенімділігін растау туралы дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттың таратылғаны анықталды. Ол агенттіктің ресми құжаты емес, онда қамтылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

«Агенттік алаяқтық немесе өзге де операциялар нәтижесінде жоғалған қаражатты азаматтарға қайтару жөніндегі рәсімді жүзеге асырмайды, сондай-ақ қаражатты қайтару жөніндегі қызметтерді ұсынатын үшінші тұлғалардың сенімділігін растамайды», делінген хабарламада.

Осыған байланысты ведомство азаматтарды агенттіктің немесе басқа мемлекеттік органдардың атынан құжаттар, хаттар мен хабарламалар алған кезде қырағы болуға шақырады.

«Бейтаныс  тұлғаның талабы бойынша ақшаны аударуға, сондай-ақ дербес деректі, банк картасының дерегін, SMS кодты, құпиясөзді және өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаға беруге болмайды.

Осындай құжаттарды, сондай-ақ ақшалай қаражатты қайтару сылтауымен комиссияларды, сақтандыру жарнасын немесе өзге де төлемді төлеу туралы талап етсілсе төлемдерді жүзеге асырмауға және құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз», делінген ескертуде.

Еске салсақ, елімізде жалған диплом дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталды.