Президенттер де спортпен айналысады – Тоқаев өз сұхбатында әріптестері туралы айтты

5 қаңтар, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Президенттер де спортпен айналысады – Тоқаев өз сұхбатында әріптестері туралы айтты
Фото: freepik.com

Бұл туралы Мемлекет басшысы Turkistan газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Денсаулығым жақсы, қан қысымым қа­лыпты. Күн сайын йогамен шұғыл­дануды әдетке айналдырдым, бірақ ме­ди­тация жасамаймын. Бұрынғы кәсіп­қой спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнаймын. 
Расымен, тоғыз келі салмақ тастап, өзімді әлдеқайда жайлы сезінетін бол­дым», - деді Президент.

Сондай-ақ, ол ТМД елдеріндегі әріптестерінің ішінде тағы кім спортқа жақын екені жөніндегі қызықты ақпаратпен бөлісті. 

«Таяуда Бішкекте өткен бейресми іс-шара кезінде Путин жас дзюдошыға қар­сы әдемі әдіс жасап, аға буынның абы­ройын көтеріп тастады. Әлиев те мық­ты, кәнігі спортшы сияқты үнемі жат­тығады, Жапаров футбол ойнайды. Мирзиёев те ширақ, ол жаттығу залында шынығады. Пашинян велосипед тебеді. Лукашенко әлі күнге дейін хоккей ой­най­ды екен. Кезінде теңіз-әскери күш­терінде болып, әбден шыныққан Рах­мон­ның да денсаулығы жақсы. Бір сөз­бен айтсам, әріптестерімнің бәрі де ба­бын­да», - деді Тоқаев. 

Еске салайық, бұдан бұрын Turkistan газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты көлемді сұхбаты жарияланғаны туралы жаздық.