Президент Oxford Economics 2025 рейтингінде Астана Азия құрлығында 36-орын алғанына назар аударды

Бүгін, 17:05
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Президент Oxford Economics 2025 рейтингінде Астана Азия құрлығында 36-орын алғанына назар аударды
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Жан басына шаққандағы өңірлік жалпы өнім көрсеткіші көңіл көншітерліктей. Oxford Economics 2025 индексіне тоқталайын. Бұл зерттеулер әлемнің ең ірі мың қаласын экономика, адам капиталы, тұрмыс сапасы, қоршаған орта және басқару санаттары бойынша бағалайды. Астана Азия құрлығында 36-орынға жайғасса, әлем бойынша 276-орынға тұрақтап, өңіріміздегі бәрімізге белгілі қалалардың алдына шықты.

Бірақ бұған тоқмейілсуге болмайды. Өйткені әлеуетіміз зор. Біз үнемі алға жылжуымыз керек. Сондықтан дәл осы индекс бойынша келесі жылы Астананың өз рейтингісін жақсартуға мүмкіндігі бар деп есептеймін. Соның арқасында біздің Азиядағы рейтингіміз де артады. Бұл біздің қолымыздан келеді деп ойлаймын. 

Астана басқа аймақтарға үлгі болуға тиіс. 

Шаһардың экономикалық белсенділігі күшейіп келеді. Бұл – жақсы үрдіс. Соған сәйкес әкімдікке және мүдделі мемлекеттік органдарға жаңа міндеттер жүктеледі», - деді Президент. 

Еске салайық, бұдан бұрын Мемлекет басшысының Астанада соңғы 11 айда экономикалық индикатор 118,6 пайызға жеткені туралы айтқанын жаздық.