Премьер-министр төтенше жағдайларға қарсы күрес және алаяқтықтың заманауи түрлерін анықтау үшін цифрлық құралдарды әзірлеп қажеттігін атап өтті
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында ЖИ және цифрлық даму министрлігі, ІІМ және басқа да мемлекеттік органдарға қазіргі заманғы қатерлер мен алаяқтықты анықтау және алдын алу тетіктерін әзірлеу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайларға қарсы тұру құралдарын жасауға ерекше назар аудару керек.
Жасанды интеллект дамыған сайын алаяқтық жағдайлардың да анағұрлым жетілген түрлері пайда болады.
Ішкі істер, Жасанды интеллект министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осындай әрекеттерді тиімді анықтау және тану тетігін әзірлеуі қажет.
Жалпы қолданыстағы құралдар мен цифрлық шешімдерді жетілдіру бойынша тұрақты проактивті жұмыс жүргізу қажет.
Бұл қоғамның цифрлық шешімдер мен онлайн-платформаларға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.