Полицейлер үш күнде 500-ге жуық ұрланған малды иелеріне қайтарды

Бүгін, 15:34
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Полицейлер үш күнде 500-ге жуық ұрланған малды иелеріне қайтарды
Фото: видеодан кадр/https://polisia.kz

ІІМ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың мүлкін қорғау мақсатында 3-5 наурыз аралығында «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Үш күн ішінде мал, ет және ет өнімдері сатылатын ірі базарлар тексерілді. Полицейлер ауыл шаруашылығы малдарын тасымалдаған 10 мыңнан астам автокөлікті қарап, 3,5 мыңнан астам етті сатып алу және өңдеу орындарын, сондай-ақ 6,5 мыңнан астам шаруа қожалығын, жайылымдық учаскелер мен фермерлік шаруашылықтарды тексерді. Іс-шара қорытындысы бойынша 82 адамның мал ұрлығына қатысы бары анықталып, 16 қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойылды. Иелеріне 500-ге мал қайтарылды», - делінген хабарламада. 

Мәселен, Абай облысында бір мезгілде мал ұрлығымен айналысқан үш қылмыстық топтың жолы кесілді. Олар аталған өңірде бірнеше мал ұрлығын жасаған. Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында ірі мегаполистер — Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан 9 заңсыз мал сою цехы анықталды.


Еске салайық, бұған дейін көкшетаулықтың бұрынғы әйелімен кикілжіңнен кейін оның көлігін ұрлап кеткені туралы жаздық.