07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген бала ауруханадан шықты

|
Photo: фото: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген бала ауруханадан шықты

|
Photo: фото: freepik.com

Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген жеті жасар бала ауруханадан шығарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Павлодар қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 7 жасар баланың жағдайы қанағаттанарлық.

«Ол бір ай бойы қатаң төсек режимін сақтап, тұрғылықты жері бойынша орталықта бір жыл бойы одан әрі оңалтудан өтуі қажет», – делінген хабарламада.

Ал баланың анасы жансақтау бөлімінде жатыр.

«Пациент есін жиды. Қазіргі таңда жағдайы ауыр. Оған тобық сүйектерінің және оң жақ иық сүйегінің сынуына байланысты ота жасалды»,- деп жазылған хабарламада. 

Еске сала кетейік, 30 шілде күні павлодарлық әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Дәрігерлер бір жарым жастағы баланың бүйрегін алып тастауға мәжбүр болған. Алайда 1 тамыз күні оның жүрегі тоқтап қалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел арнайы медициналық мекемеде тіркеуде тұрған.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗