Өзгерістер ел дамуының мүдделеріне толық сай келеді – Ержан Әлиев

Бүгін, 12:18
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Өзгерістер ел дамуының мүдделеріне толық сай келеді – Ержан Әлиев
Фото: Ержан Алиев жеке мұрағатынан

Астана қаласы Спортты дамыту дирекциясының басшысы Ержан Әлиев жаңа Конституция жобасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы – әділетті әрі тұрақты мемлекеттің берік негізі. Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде танылады. Бұл қағидаттар мемлекеттің барлық даму бағытының өзегіне айналып отыр. Жаңа Конституцияда еліміздің егемендігі, тәуелсіздігі, унитарлығы және аумақтық тұтастығы берік бекітілді. Бұл – мемлекеттіліктің мызғымас негіздері», - деді басшы.

Сондай-ақ Ержан Әлиевтың айтуынша, президенттік басқару нысанының сақталуы билік жүйесінің тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етеді.

«Жаңа редакция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтеді, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттырады, әділетті қоғам қалыптастыруға нақты тетіктер ұсынады. Бұл өзгерістер ел дамуының ұзақмерзімді мүдделеріне толық сай келеді. Ел ертеңін, қоғамның бірлігі мен мемлекеттің беріктігін ойлайтын азамат ретінде жаңа Конституцияны толық қолдайтынымды білдіремін.  Өйткені әділетті, құқықтық және тұрақты мемлекет – дені сау ұлттың, спорт пен жастар дамуының берік кепілі», - деді Спортты дамыту дирекциясының басшысы Ержан Әлиев.

Еске салсақ, жақында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланған болатын.