06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қостанай облысында есірткі зертханасы жойылды

|
Photo: Фото: ҰҚК
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қостанай облысында есірткі зертханасы жойылды

|
Photo: Фото: ҰҚК

Арнайы операция барысында екі азамат ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

15 желтоқсанда ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.

Психотроптық заттарды дайындау кезінде еліміздің екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Тінту барысында 2 кг-ға жуық дайын «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, — деді ҰҚК хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗