Қосшы қаласында 400-ге жуық тұрғын баспаналы болды
29 тамыз, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Қосшы қаласында «Сиреневый сад» («Ынтымақ») тұрғын үй кешенінен 371 пәтер пайдалануға берілді. Оның 261-і – әлеуметтік осал топтағы кезекте тұрған азаматтарға берілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұған дейін, бір ай бұрын, 11 жылдан астам уақыт бойы өз пәтерін күткен үлескерлерге 104 пәтердің кілттері табысталды.
Құрылыстың тоқтап қалуына бұрынғы құрылысшының заңсыз әрекеті себеп болды. Оның басшысы үлескерлердің 918 млн теңгесін жымқырып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жобаны аяқтауды «КГС Сауда» ЖШС инвестор-компаниясы қолға алды. Бұл келісім Қосшы қаласы прокуратурасының бастамасымен мемлекетке қайтарылған 3,2 гектар жерді беру арқылы жүзеге асты.
Нәтижесінде үлескерлердің бұзылған құқықтары қорғалып, жүздеген отбасы баспаналы болды.
Ұқсас жаңалықтар
27 маусым, 2026
Enbek.kz платформасында 5 ай ішінде шамамен 500 мың бос жұмыс орны жарияланды
26 маусым, 2026
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасына кімдер қатыса алады
26 маусым, 2026
Жыл басынан бері 70 мыңға жуық қазақстандық субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды
25 маусым, 2026
Елімізде жыл басынан бері 200 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды