Референдум-2026

Оқу-ағарту министрі Ақмола облысындағы IT мектеп-лицейінің жұмысымен танысты

Бүгін, 09:29
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Оқу-ағарту министрі Ақмола облысындағы IT мектеп-лицейінің жұмысымен танысты
фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жұмыс сапары аясында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Талапкер ауылында орналасқан IT мектеп-лицейіне барды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Жұлдыз Сүлейменова мектеп жанынан ұйымдастырылған жазғы мектептің жұмысымен танысып, оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралардың өту барысын көрді.

Сондай-ақ министр білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын аралап, оқу кабинеттерін, кітапхананы, спорт залдарын, асхананы және қауіпсіздік жүйесін қарап шықты. Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары мен білім беру процесін ұйымдастыру мәселелеріне назар аударды.

Бүгінде мектепте 1400-ге жуық оқушы білім алады. Сондай-ақ мектеп жанындағы екі мектепалды даярлық тобында 64 тәрбиеленуші бар. Білім беру ұйымында 111 педагог және 32 қызметкер, барлығы 143 адам еңбек етеді. Мектеп арнайы жабдықталған физика және биология кабинеттерімен, екі информатика кабинетімен, кітапханамен, екі спорт залымен, мәжіліс залымен, асханамен және заманауи қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілген.

Сапар барысында балалардың қауіпсіздігі, білім беру сапасын арттыру және жаңа оқу жылына сапалы дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.