04.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Үндістанда 25 жастағы теннисші қызды әкесі атып өлтірді

|
Photo: Фото: timesofindia.indiatimes.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Үндістанда 25 жастағы теннисші қызды әкесі атып өлтірді

|
Photo: Фото: timesofindia.indiatimes.com

Үндістанда 25 жастағы теннисші Радхика Ядавты өзінің әкесі атып өлтірген, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, бойжеткен әкесімен кіріске байланысты сөзге келіп қалған.

Спортшы алған жарақаттан ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.

Үндістандық БАҚ тұрмыстық мәселеге қатысты екеуара дау туындағанын жазды. Әкесі қызының әлеуметтік желіде тым белсенділік танытып, қысқа видео түсіруге тым әуестеніп кеткеніне ашуланған.

Алайда тергеушілер бұған көптен бері ушығып келе жатқан жайт себеп деп отыр. Әкесіне Радхиканың теннис академиясын өзі басқаратыны ұнамайды екен, өйткені туыстары мен көршілері ер адамды «қызыңның табысына ғана қарап отырсың» деп жиі сынайтын көрінеді. Билікке таласқан әке мен қыздың арасындағы кикілжің ақыры өліммен аяқталды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗