Наурызнама: Бүгін – Қайырымдылық күні

Наурызнама: Бүгін – Қайырымдылық күні
Сурет: жасанды интеллект

15 наурыз Наурызнама аясындағы Қайырымдылық күні, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Қайырымдылық жасау – қайырлы іс. Бұл күні мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасауға ерекше мән беріледі. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, қамқорлыққа мұқтаж қарттар мен балаларға көмектесу игі істің бастамасы.

Сонымен қатар жақындарыңызға, көршілеріңізге қамқорлық танытып, жылы сөз айтып, қолдау көрсету де қайырымдылықтың бір түрі.

Қайырлы іс жасаудың сан түрлі жолы бар. Оның қайсыбірін жасау әр адамның өз еркінде. Ең бастысы – таза ниет, мейірім мен жанашырлық таныту.