08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Муфтият мешітте балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасады

|
Photo: фото: видеодан алынған кадр
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Муфтият мешітте балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасады

|
Photo: фото: видеодан алынған кадр

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода уағыз айтып отырған ақсақалдың аяғын 3 бала уқалап отырғанын көруге болады. 

Діни басқарманың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мешіт имамына ескерту жасалғаны туралы айтты.

«Мешіт – құлшылық үйі, жамағат жиналатын рухани орда, қасиетті мекен, тәрбие орны. Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс. Бұл – мұсылманның көркем мінезінің бір.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырады. Жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндейміз»,- деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗