Министрлік Philips компаниясымен медицинаға ЖИ шешімдерін енгізу мәселесін талқылады

Бүгін, 14:31
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Министрлік Philips компаниясымен медицинаға ЖИ шешімдерін енгізу мәселесін талқылады
Фото: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы Royal Philips компаниясының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

Келіссөздер барысында тараптар медициналық бейнелердің ұлттық архивін құру жобасын іске асырудың мәртебесі мен перспективасын, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігі талқылады.

Vendor-Neutral Archive жобасы еліміздің барлық медициналық ұйымдарынан алынған медициналық суреттерді (КТ, МРТ, УДЗ) бірыңғай жүйеге шоғырландыруға бағытталған. Бұл деректердің сенімді сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, диагностика дәлдігін жақсарта отырып, отандық ЖИ-стартаптарды оқыту үшін қуатты база жасайды.

Philips өз технологияларын ұсынуға және қаржыландырудың түрлі моделін, соның ішінде Philips Capital арқылы қатысуды және халықаралық қорларды тартуды қарастыруға дайын екенін растады.

 «Медициналық деректердің ұлттық архивін құру - бұл жай ғана ақпаратты сақтау мәселесі емес, бұл цифрлық медицинадағы сапалы серпілістің іргетасы. Жиналған құрылымдалған деректер массиві дәрігерлерге диагнозды тезірек және дәлірек қоюға көмектесетін отандық ЖИ шешімдерін дамыту үшін негізгі ресурсқа айналады. Біз Philips сияқты әлемдік көшбасшылардың тек технологияларды жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті стартаптарды қолдап және біздің жаңа Халықаралық ЖИ орталығымыздың жұмысына қатыса отырып, біздің экожүйемізге интеграциялануға деген ұмтылысын құптаймыз» - деп атап өтті Премьер-пинистрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

Кездесу аясында Philips делегациясымен Астанадағы Халықаралық ЖИ орталығының базасында өз зертханасын немесе R&D орталығын ашу мүмкіндігі талқыланды. Бұл алаң білім беру бағдарламаларын, стартаптар акселерациясын және ірі технологиялық компаниялардың зертханасын біріктіретін бірегей хабқа айналады.

Тараптар жобаны пысықтауды жалғастыруға және таяу арада уағдаластықтарды ресімдеуге көшуге келісті. Бұл бастамаларды іске асыру Мемлекет басшысының әлеуметтік саланы жүйелі цифрландыру жөніндегі тапсырмасын орындаудағы маңызды қадам болады.