27.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мемлекеттік қызметтерге қатысты сұрақтарға жауап алу үшін Telegram арқылы жүгіну мүмкіндігі пайда болды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Мемлекеттік қызметтерге қатысты сұрақтарға жауап алу үшін Telegram арқылы жүгіну мүмкіндігі пайда болды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бастамасымен 2024 жылы азаматтарға арнап, Telegram бот-платформасы мобильді қосымшасы нақты уақыт режимінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың жаңа тетігін енгізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ыңғайлы интерфейсі бар функцияны қолдану арнайы дағдыларды талап етпейді.

Ол үшін қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде туындаған проблемалық мәселелері бойынша уәкілетті органмен байланысын жеңілдету үшін EgovKzBot2.0 Telegram бот-платформасына жүгіну жеткілікті. Бұл сервис арқылы азаматтар көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге немесе бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарын да жолдауларына болады.

Осылайша Астанa қаласы бойынша аумақтық департаментіне азаматтар тарапынан медицина, білім, әлеуметтік салаға қатысты 500-ге жуық арыз-шағым, өтінімдер мен ұсыныстар келіп түскен болатын және барлығы уақтылы қарастырылып, азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты сұрақтарына жауаптарын алды.

Агенттік азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету механизмдерін жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстарды жүргізеді, ал мемлекеттік қызметтерді алудағы заң бұзушылықтардың алдын ала отырып, осы бағыттағы жұмыстарды қамтамасыз ету – ол Департаменттің басты міндеті болып табылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Астана қаласы бойынша департаменті

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗