ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын бақылау, мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібін, әдеп нормаларын, сондай-ақ мемлекеттік органдарда басқару тиімділігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізеді. Осы қызмет аясында Департамент мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізу арқылы мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарының орындалуына назар аударады Elordainfo.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мониторинг екі тәсілмен жүргізілді:
1) Қашықтықтан талдау. Мемлекеттік органдарда орнатылған қолжетімділікті басқару және бақылау жүйесіндегі деректерді зерттеу;
2) Мемлекеттік органдардың қызметтік мекенжайларына бару арқылы тексеру.
Мемлекеттік органдарға бармай жұмыс уақыты режимінің сақталуына мониторинг жүргізудің көзі болып цифрлық жүйелердегі мәліметтер, мемлекеттік органдардың уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынатын мәліметтері, қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесінің деректері, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар табылады.
Ұсынылған ақпарат Департамент тарапынан талданып, мемлекеттік органдардағы жұмыс уақыты режимінің сақталу жағдайына мониторинг жүргізілді, анықталған мәселелер бойынша тиісті профилактикалық шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, мониторинг жұмыстары мемлекеттік органдарға бару арқылы да жүргізілді. Бару барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында жұмыс орындарында болуы, жұмыс уақыты режимінің сақталуы, сондай-ақ жұмыс уақытынан тыс жұмысқа тарту жағдайлары зерделенді.
Жұмыс уақыты режимінің сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етуге, еңбек қатынастарындағы бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекеттік органдардағы қызметтік жұмысты тиімді ұйымдастыруға бағытталған.
Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.