Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар іс-шараға Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Жиын аясында «Жасыл даму және орнықтылық», «Цифрлық трансформация мен өзара байланыс», «Қаржы, адам ресурстары және бизнеске арналған әлеуметтік жүйені дамыту» секілді тақырыптық сессиялар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Орталық Азия мен Жапонияның іскерлік орта өкілдері кездесулер өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары және «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумының қорытындысы бойынша қазақстандық тарап пен жапон бизнес құрылымдары арасында жалпы құны 3,72 миллиард доллар болатын 60-тан астам құжатқа қол қойылды.

Еске салайық, бұдан бұрын Мемлекет басшысы «Орталық Азия - Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысуға келгені туралы хабарладық.