Мемлекет басшысы Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі туралы пікір білдірді
16 тамыз, 2025
фото: Оңалхан Өнерхан
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазақстан Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуін Украина бойынша ең жоғары деңгейдегі келіссөздер үдерісінің бастамасы ретінде құптайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайды.
Олар қазіргі заманның ең басты проблемаларына, соның ішінде Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты ортақ шешім табуға шынайы ниетті екенін көрсетті», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
28 тамыз, 2026
Қазақстан мен АҚШ су тазарту және қайта пайдалану технологияларын енгізуді талқылады
28 тамыз, 2026
Тоқаев: Құрылтай мемлекет пен халықтың арасында дәнекер болуы қажет
28 тамыз, 2026
Депутаттар бірінші сессияда бірқатар маңызды заңдарды қабылдауы қажет – Президент
28 тамыз, 2026
Тоқаев: Біздің төл тарихымыз – қазіргі және келешек ұрпақтар мақтан тұтарлық бірегей жылнама