Мемлекет басшысы халықтың табысын жақсартуды тапсырды
8 қазан, 2025
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жиынға Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты.

Кеңес барысында макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды.
Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек екенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:08
Мақсатымды жүзеге асыруға JolTap жобасы көмектесті – астаналық көпбалалы келіншек
Бүгін, 09:12
Астаналық құтқарушылар пәтерде қамалып қалған балаларды 9-қабаттан құтқарды
Бүгін, 07:31
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
11 қаңтар, 2026
Астанада Қорғаныс министрлігінің әскери госпиталі жаңа жабдықтармен толықты