«Мейірімді Қазақстан»: ел көлемінде әлеуметтік акция аясында игі істер атқарылады
Елімізде «Мейірімді Қазақстан» әлеуметтік акциясы бастау алды. Бұл бастама өзара қолдау мәдениетін нығайтуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және жастарды игі істерге тартуға бағытталған, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акция аясында еліміздің өңірлерінде жастар ұйымдары мен еріктілердің қатысуымен қайырымдылық және волонтерлік іс-шаралар кешені өткізіледі.

Акцияның он күні жеке-жеке тақырыптарға арналмақ. Атап айтқанда, жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету, қарттар мен балалар үйлерін қолдау, медициналық мекемелерде донорлық акциялар өткізу, аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсету, сондай-ақ коммуналдық қызмет мамандарын қолдауға бағытталған қоғамдық бастамалар жүзеге асырылады.

Министрліктің мәліметінше, бастама Шығыс Қазақстан облысындағы Жастар ресурсытық орталығының алаңында басталды. Акция еліміздің барлық өңірін қамтиды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Астанада «Жыл волонтері» мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталған болатын.