Медициналық туризм: 80 мыңнан астам шетелдік азамат ем алу үшін Қазақстанға келген

Медициналық туризм: 80 мыңнан астам шетелдік азамат ем алу үшін Қазақстанға келген
Фото: Оңалхан Өнерхан

Еліміз халықаралық аренада медициналық туризм саласындағы өз орнын кезең-кезеңімен нығайтып келеді. Былтыр отандық медицина ұйымдары шамамен 80 мың шетелдік азаматқа қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш шетелдіктердің Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне және көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанның бұл саладағы басты артықшылығының бірі – жоғары деңгейдегі медициналық көмекті қолжетімді бағамен ұсынуы. Бүгінде елімізде сапа мен қауіпсіздікке қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес келетін медициналық мекемелер табысты жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда Қазақстандағы 10 медициналық ұйым денсаулық сақтау саласындағы ең беделді халықаралық стандарттардың бірі саналатын JCI аккредитациясына ие.

Осы бағытты одан әрі дамыту мақсатында Туризм және спорт министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 2026-2028 жылдарға арналған медициналық туризмді дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеп жатыр. Құжатта отандық медициналық қызметтерді шетелдік нарықтарда ілгерілету, инфрақұрылымды дамыту, сервистік қызметтердің сапасын арттыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша кешенді шаралар қарастырылған.

Еске сала кетсек, Астана Азияның туристік нарығындағы ықпалын күшейтіп келеді